«Жүлдеге жақындап едік». 13 ақпандағы нәтижеміз қандай?

«Жүлдеге жақындап едік». 13 ақпандағы нәтижеміз қандай?

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы күнінде қазақстандықтар төрт спорт түрінде сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz

Тау шаңғысы спортының гигант слалом жарысында қазақстандық Захар Кучин бірінші мүмкіндігінде мәреге жете алмай, жарысты аяқтады.

Биатлоншылар Галина Вишневская мен Александр Мухин із кесу жарысында сәтсіз өнер көрсетті. Галина төрт мәрте нысананы дәл көздей алмады, ал Александр сегіз мәрте мүлт кетті. Сондықтан жеңімпаздардан қатты қалып қойды. Осылайша, биатлоншыларымыздың Олимпиададағы өнері аяқталды, масс-стартқа жолдама ала алмадық.

Ал шорт-трекшілеріміз бүгін 500 метрге жарыста бақ сынады. Әділ Ғалиахметов ширек финалда жеңілсе, Денис Никиша В финалына шығып, онда үшінші орын алды. Финалға дейін Абзал Әжіғалиев жеткен. Бірақ ол тартысты өткен жарыста төртінші орын алды. Бұл - биылғы Олимпиададағы ең үздік нәтижеміз.

Конькимен жүгіруден 500 метрге жарыста Екатерина Айдова өз рекордын жаңарта алмады. Енді ол соңғы жарысына қатысады - 1000 м.

Айта кетейік, Чжанцзякоудағы ауа райына байланысты фристайлдан акробатика жарысы ертеңге шегерілген болатын.

13 ақпандағы нәтиже

Тау шаңғысы
Гигант слалом. Ерлер. Бірінші мүмкін
Захар Кучин – мәреге жете алмады

Биатлон
Із кесу. Әйелдер.
Галина Вишневская-Шепоренко – 52-орын (+7:01.0, 4 рет мүлт кетті)

Із кесу. Ерлер.
Александр Мухин – 57-орын (+8:37.5, 8 рет мүлт кетті)

Шорт-трек
500 м. Ширек финал. Ерлер
Әділ Ғалиахметов – 5-орын (40.925) – жарысты аяқтады

500 м. В финалы. Ерлер
Денис Никиша – 3-орын (41.329) - жалпы есепте 8-орын

500 м. Финал. Ерлер
Абзал Әжіғалиев – 4-орын (40.88)

Конькимен жүгіру спорты

500 м. Әйелдер

Екатерина Айдова – 20-орын (38.54)

Фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или