Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы 2022 жылғы Олимпиадада жүлдесіз қалды

Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы 2022 жылғы Олимпиадада жүлдесіз қалды

Бейжіңде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 500 метрге жарыстың финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан Екатерина Айдова қатысты, ол Қытайлық Тайбэйден келген Хуан Ю-Тинмен жұптасып жүгірді. Айдова бұл жарыста 38,54 секунд көрсеткішпен бірінші болып мәреге жетті, бірақ бұл жүлдегерлер қатарына ену үшін жеткіліксіз болды.

Еске салайық, Екатерина Айдова шорт-трекші Абзал Әжғалиевпен бірге 2022 жылғы Олимпиаданың ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы болған еді.

Әжғалиев әзірге барлық отандық спортшылар арасында үздік нәтиже көрсетті – 500 метрге жүгіруде финалда төртінші орын алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или