Абзал Әжіғалиев: Қысқы спорт қазақтарға арналмаған деген стреотипті жойғым келді

Абзал Әжіғалиев: Қысқы спорт қазақтарға арналмаған деген стреотипті жойғым келді

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев Бейжің Олимпиадасында төртінші орын алды. Спортшы жарыстан соң әсерін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Осы жарыстағы мақсат финалға шығу болды. Олимпиадаға іріктеу кезеңі қиын өтті. Өйткені оның алдындағы маусымда денсаулығыма байланысты көп уақыт өткізіп алдым. Сол себепті іріктеу ауыр тиді. Дегенмен бар күшімді жинап, Олимпиадаға бабымда келуге тырыстым. Өйткені шорт-тректі Қазақстанда көбі біле бермейді. Тек Олимпиадада шорт-тректі көреді.

Шорт-трек елімізде енді дамып келеді. Соған қарамастан шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемнің үздік ондығына кіреді. Бүгінгі арманым - халқымыз Олимпиадада шорт-трек қандай спорт екенін көрсе екен. Қысқы спорт қазақтарға арналмаған деген стреотипті жойғым келді. Біз де әлемдік ареналарда, Олимпиадада коньки тебе аламыз, - деді Әжіғалиев.

Фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или