Бейжің-2022: Фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңінің өту мерзімі өзгерді

Бейжің-2022: Фристайл-акробатикадан іріктеу кезеңінің өту мерзімі өзгерді

Бейжің Олимпиадасында фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу сынының басталуы уақыты өзгерді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жарыс кейінге шегерілді. Алғашқы жоспар бойынша, бәсеке 13 ақпан күні 17.00-де басталуы тиіс болатын. 

Енді жарыс 14 ақпанда өтеді. Басталу уақыты кейін белгілі болмақ.

Айта кетелік, бұл бағдарламада Қазақстан атынан Ақмаржан Қалмұрзаева мен Жанбота Алдабергенова сынға түседі. 

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или