Бейжің Олимпиадасы: 12 ақпандағы нәтижеміз қандай?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық шаңғышылар эстафетаны сәтсіз өткізді. Жарыс енді басталған бойда қазақстандықтар артта қалды. Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина мен Ирина Быкова бастаған қазақстандықтар эстафетада топ жарған Ресейден 7,5 минутқа қалып қойды. Қазақстан шаңғышылапы Эстония, Латвия мен Украинаны ғана оза алды.
Конькиші Иван Аржанников 500 метрге жарыста соңынан бастағанда үшінші орын алды. Ол Роман Креч (34.21) қойған ел рекордын да жаңарта алмады.
Биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев үздік отыздыққа кірген жоқ. Дегенмен Мухин ертеңгі із кесу жарысына жолдама алды.
12 ақпандағы нәтиже
Шаңғы жарысы
Эстафета 4х5 км. Әйелдер.
Қазақстан (Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга, Надежда Степашкина, Ирина Быкова) – 15-орын (+7:34.4)
Конькимен жүгіру спорты
500 м. Ерлер
Иван Аржанников – 28-орын (35.82)
Биатлон
Спринт 10 км. Ерлер
Александр Мухин – 49-орын (+2:36.8), Владислав Киреев – 77-орын (+3:21.3)
Фото: ҰОК