Бейжің Олимпиадасына барған 8 адамнан COVID-19 анықталды
Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.
11 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 81 адам келді, оның ішінде 59 спортшы мен ресми өкілдер және 22 басқа тараптардың өкілдері. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша расталған оң жағдайлар тіркелген жоқ.
<span>Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 71 184 ПТР сынағы жасалды, оның 6 500-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 64 684-</span><span>басқа тараптардың өкілдері</span><span> тапсырды. Нәтижелері бойынша 8 адамнан коронавирус анықталды, төртеуі спортшылар мен командалардың ресми өкілдерінен, төртеуі басқа тараптардың өкілдерінен.</span>