Бейжің Олимпиадасы: 12 ақпанда кімдер жарыс жолына шығады?

Бейжің Олимпиадасы: 12 ақпанда кімдер жарыс жолына шығады?

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының сегізінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінен бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық шаңғышылар 4х5 км эстафетасына қатысады. Өкінішке қарай, бұл жарысқа тек әйелдер құрамасы жолдама алды. Ерлер қатыспайды.  

Конькиші Иван Аржанников 500 метрге жарысқа қатысады. 

Биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев спринтте өнер көрсетіп, із кесу жарысына жолдама алуға тырысады. 

12 ақпандағы жарыс кестесі

Шаңғы жарысы
13:30 Эстафета. 4х5 км. Әйелдер.

Конькимен жүгіру спорты
14:00 500 м. ЕРлер

Биатлон
15:00 Спринт 10 км. Ерлер

Қайдан көруге болады:
Хабар, Первый канал - 14:50 (биатлон).
Qazsport, Россия 1 - 13:25 (шаңғы жарысы)
Qazaqstan, Матч ТВ, Матч Арена - 13:55 (конькимен жүгіру спорты)

*Нұр-Сұлтан уақытымен

Фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или