«Ширек финалдамыз». 11 ақпандағы нәтижеміз қандай?
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының жетінші күнінде Қазақстан төрт спорт түрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екі шаңғышымыз 15 шақырымдық жекелей жарыста сынға түсті. Виталий Пухкало Олимпиададағы үздік нәтижесін көрсетті, ол жеңімпаздан үш минутқа қойды. Осылайша, ол топ-30 қатарына енді.
Өкінішке қарай, Галина Вишневская нысананың бәрін дәл тигізе алмады. Жеңімпаздан 2,5 минутқа қалып қойды. Дегенмен, қазақстандық биатлоншы із кесу жарысына жолдама алды, бұл сайыс жексенбіде өтеді.
Ал трамплиннен секіру жарысы біз үшін аяқталды. Сергей Ткаченко үлкен трамплиннен секірудің іріктеуінде 103 м, Данил Васильев 98,5 м нәтижесін көрсетті. Бұл негізгі кезеңге өтуге жеткіліксіз болды. Осылайша, Қазақстан үшін трамплиннен секірі жарысы бітті, командалық жарысқа квота алмаған болатынбыз.
Дегенмен шорт-трекшілер қуанта алды. 500 метрге жарыстың алғашқы кезеңінде Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов пен Абзал Әжғалиев сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға жолдама алды. Ширек финал жексенбіде өтеді.
11 ақпандағы нәтижелер
Шаңғы жарысы
15 км, классикалық жарыс. Ерлер
Виталий Пухкало – 25-орын (+2:44.8), Евгений Величко – 40-орын (+3:32.5)
Биатлон
Спринт, 7,5 км. Әйелдер.
Галина Вишневская-Шепоренко – 52-орын (+2:38.3)
Трамплиннен секіру
Іріктеу. Үлкен трамплин. К-125. Ерлер
Сергей Ткаченко – 51-орын (60.7, 103 м), Данил Васильев – 54-орын (69.4, 98,5 м)
Шорт-трек
500 м. Ерлер. Алғашқы кезең
Абзал Әжғалиев – өз тобында 1-орын (40.870), Денис Никиша – өз тобында 1-орын (40.482), Әділ Ғалиахметов - өз тобында 2-орын (40.722) – ширек финалға өтті
Фото: ҰОК