Astana Arlans бірінші рет жеңіліп қалды

Қазақстандық Astana Arlans клубы Бүкіләлемдік бокс сериясының осы маусымында алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Елордалық клубтың италиялық Italia Thunder ұжымына әлі жетпеді. Алғашқы екі кездесуде Мирас Жақыпов пен Роман Щегринов қарсыластарына жол беріп, италиялықтар басымдыққа ие болды. артынша Асланбек Шымбергенов есеп айырмасын қысқартқанымен, төртінші болып рингке шыққан Хрвое Сеп қарсыласынан ұтылып қалды. Командасының жеңіліп қалғанына қарамастан, соңғы жекпе-жекте Филип Хргович есепті 2:3 қылды. Осылайша қазақстандықтар WSB-ның осы маусымында тұңғыш рет жеңіліп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или