Қысқы Олимпиадада алғашқы спортшының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті

Қысқы Олимпиадада алғашқы спортшының допинг-сынамасы оң нәтиже көрсетті

Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы Олимпиадада алғашқы спортшы допинг-сынамада оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Халықаралық допинг тестілеу агенттігі мәлімдеді.

Тестілеуден кейін ирандық шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Спортшының сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиті табылған.

36 жастағы Хуссейн Савех-Шемшаки Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран елінің туын алып шыққан. Қазір ережеге сәйкес ол жарыстан шеттетілген.

Савех-Шемшаки – танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или