«Шорт-тректегі тағы бір мүмкіндік». 11 ақпанда кімдер жарыс жолына шығады?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының жетінші күнінде Қазақстан төрт спорт түрінен сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шаңғышылар Виталий Пухкало мен Евгений Величко классикалық стильде 15 шақырымға жекелей жарыста өнер көрсетеді.
Галина Вишневская-Шепоренко спринтте топ-60 қатарына еніп, із кесу жарысына жолдама алуға тырысады.
Сергей Ткаченко мен Данил Васильев үлкен трамплинде негізгі кезеңге өтуге талпынып көреді.
Шорт-трекшілер Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов пен Абзал Әжіғалиев 500 метрге жарыста жүлдеге ілігу үшін бар күшін салады.
11 ақпандағы жарыс кестесі
Шаңғы жарысы
13:00. 15 км, классикалық стиль. Ерлер
Биатлон
15:00. Спринт. Әйелдер.
Трамплиннен секіру
17:00. Іріктеу. Үлкен трамплин. Ерлер
Шорт-трек
17:18. 500 м. Ерлер. Алғашқы кезең

Қайдан көруге болады:
Qazaqstan, Первый канал - 14:50 (биатлон).
Хабар, Россия 1 - 12:55 (шаңғы жарысы)
Qazsport, Матч ТВ - 17:00 (шорт-трек)
Хабар, Матч Игра - 16:55 (трамплиннен секіру)
*Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: ҰОК