«Финал көрген күн». 9 ақпандағы нәтижеміз қандай?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының бесінші күнінде Қазақстан үш спорт түрінде бақ сынады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Олимпиада дебютанты 18 жастағы Александра Троицкая тау шаңғысындағы слалом жарысында сәтсіз өнер көрсетті. Қазақстандық спортшы мәреге жете алмады, Троицкая үшін қысқы ойындар аяқталды.
Шаңғы қоссайысында Шыңғыс Ракпаров орташа трамплиннен 79,5 метрге секірді, ал 10 шақырымдық із кесу жарысын төрт минутқа кеш бастады. Ал жарыста отандасымыз жеңімпаздан жеті минутқа қалып қойды. Осылайша, Ракпаров 41-орын алды. Енді ол үлкен трамплиндегі жарысқа қатысады.
Ал шорт-тректе бүгін финал көрдік. 1500 метрге жарыста ел намысын Денис Никиша мен Әділ Ғалиахметов қорғады. Ширек финалда екеуі бір топқа түсті. Никиша жарыс барысында құлап қалды. Бірақ Ғалиахметов келесі кезеңге жолдама алды. Жартылай финалда қытайлық спортшы Әділді итеріп жіберген, сол үшін ол жазаланып, Ғалиахметов финалға жолдама алды. Дегенмен финалда қазақстандық спортшы 8-орын алды.
Әйелдер арасында мың метрге жарыста ресейлік Софья Просвирнова қазақстандық Ольга Тихонованы итеріп жіберген. Салдарынан ресейлік жазаланды, бірақ қазақстандық келесі кезеңге шыға алмады.
9 ақпандағы жарыс кестесі
Тау шаңғысы
Слалом. Әйелдер. Алғашқы мүмкіндік
Александра Троицкая – мәреге жете алмады
Шаңғы қоссайысы
Орташа трамплин. Ерлер
Шыңғыс Ракпаров – 36-орын (30.9, 79,5 метров)
Гундерсен жүйесі бойынша 10 км із кесу. Ерлер
Шыңғыс Ракпаров – 41-орын (+6:55.4)
Шорт-трек
1500 м. Ширек финал. Ерлер
Денис Никиша – құлап қалды.
1500 м. Финал. Ерлер
Әділ Ғалиахметов – 8-орын (2:11.584)
1000 м. Әйелдер. Алғашқы кезең
Ольга Тихонова - өз тобында 3-орын (1:56.438)
Фото: ҰОК