«Акробаттар сайысы басталады». 10 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының бесінші күнінде қазақстандықтар екі спорт түрінде сынға түседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық шаңғышылар спринт пен скиатлондағы сәтсіздік есесін 10 шақырымдық жарыста қайтаруға тырысады. Жарысқа Валерия Тюленева, Ксения Шалыгина, Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина қатысады.
Сонымен қатар, ертең акробаттарымыз жарыс жолына шығады. Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмырзаева мен Шерзод Хаширбаев аралас команда жарысында ел намысын қорғайды.
Одан бөлек керлингтен ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстар жалғасады. Ерлер арасында сноуборд-кросс турнирінде жүлделер сарапқа салынады. Тау шаңғысында спортшылар комбинацияда сынға түседі. Шана жарысында эстафета өтеді.
10 ақпандағы жарыс кестесі
Шаңғы жарысы
13:00. Классикалық стильде 10 шақырымға жарыс. Әйелдер
Фристайл
17:00. Шаңғы акробатикасы. Аралас командалар. Бірінші финал
17:50. Шаңғы акробатикасы. Аралас командалар. Екінші финал
Қайдан көруге болады:
Qazaqstan, Первый канал - 12:50 (шаңғы жарысы).
Qazsport, Матч ТВ - 17:00 (фристайл)
*Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: ҰОК