«Ақтөбе» — «Каспий» футзал матчы көрерменсіз өтеді

«Ақтөбе» — «Каспий» футзал матчы көрерменсіз өтеді

ҚФФ Бақылау-тәртіптік комитеті «Ақтөбе» және алматылық «Қайрат» командалары арасында өткен футзалдан ҚР Olimpbet-Чемпионаты матчының хаттамасын қарастырды.

Кездесу хаттамасын қарау қорытындысы бойынша, қарсылас командаға қатысты балағат сөздерді қолдану арқылы тіл тигізе ұрандату түрінде көрінген көрермендердің оғаш қылығы, түтіндету құтысын жаққаны, спорттық алаңға шыққаны үшін, Тәртіптік регламенттің 63 бап 1 тармағына сәйкес, «Ақтөбе» тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Клубқа алдағы ойындарды көрермендерсіз өткізу түріндегі санкция қолданылды. Осылайша, 12-13 ақпандағы өз алаңымызда ақтаулық «Каспиймен» өтетін матчтар жанкүйерлердің қатысуынсыз өтеді.

Осыған байланысты «Ақтөбе» жанкүйерлерінен алдағы уақытта болатын кездесулерде спорт кешеніндегі тәртіпті сақтауды өтініп сұраймыз.

«Ақтөбе» ФК баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или