Кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның салмақ өлшеу рәсіміне билеттер сатылмақ

Кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның салмақ өлшеу рәсіміне билеттер сатылмақ

Жекпе-жекті ұйымдастырушылар бокс тарихында алғаш рет өлшенуге билеттер сатпақ.

Спортшылардың салмақ өлшеуін көруге билеттері бар адамдар ғана кіре алады.

Рұқсатнаманың бағасы 10 долларды құрайды. Билеттерді сатудан түскен қаражат спортшылардың өздері таңдайтын қайырымдылық акциясына жұмсалмақ.

Естеріңізге сала кетейік, кіші Флойд Мейвезер мен Мэнни Пакьяоның арасындағы жекпе-жек 2 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand қонақүйінің аренасында өтеді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша Мейвезер 150 миллионға жуық, ал, Пакьяо 100 миллионнан астам АҚШ долларын алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или