Бейжің-2022: Медальдар кестесінде көшбасшылар алмасты

Бейжің-2022: Медальдар кестесінде көшбасшылар алмасты

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан Ақ Олимпиада ойындары күн өткен сайын қыза түсуде. Жалпы медальдар кестесі сәт санап өзгеруде, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Олимпиада ойындары ресми ашылған 4 ақпаннан бері жалпы медальдар кестесінде көш бастап келе жатқан Норвегия бүгін 1-орыннан 6-орынға сырғыды.

Кеше ғана, яғни 6 ақпанның қорытындысында екінші орынға жайғасқан Швеция бүгін 3 алтын медальмен жеке дара көш басына шықты. Осыдан бір күн бұрын екінші орында тұрған ресейліктер бүгін де сол биіктерінен құлаған жоқ. Олардың еншісінде 2 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль бар. Үздік үштікті 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Нидерланд құрамасы түйіндеп тұр.

Үздік ондыққа еніп отырған мемлекеттер:

1. Швеция - 3 алтын

2. Ресей - 2 алтын, 3 күміс, 2 қола

3. Нидерланд - 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

4. Қытай - 2 алтын, 2 күміс

5. Германия - 2 алтын, 1 күміс

6. Норвегия - 2 алтын, 2 қола

7. Словения - 2 алтын, 1 қола

8. Италия - 1 алтын, 3 күміс, 1 қола

9. Канада - 1 алтын, 1 күміс, 4 қола

10. Жапония - 1 алтын, 1 күміс, 2 қола.

Айта кетейік, дәл бүгінге дейін жалпы 19 мемлекеттің спортшылары Бейжің Олимпиадасының медалін жеңіп алып, мерейі үстеп болды. Өкінішке қарай қазақстандық спортшылардан әлі ешкім жүлделі орындарға қол жеткізе алған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или