«Ондыққа кіре алмадық». Қазақстандық спортшылардың 7 ақпандағы нәтижесі қандай?
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының үшінші күнінде Қазақстан екі спорт түрінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Конькимен жүгіруден Екатерина Айдова мен Надежда Морозова 1500 метр қашықтықтағы жарысқа қатысты. Екі спортшымыз да үздік ондыққа кіре алмады. Морозова Қазақстан рекорды саналатын нәтижесінен (1.52.41) төрт секундқа қалып қойды.
Биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко Бейжің Олимпиадасындағы дебютін өткізді. Спортшымыз бір нысананы дәл көздей алмады, ал жеңімпаздан бірнеше минутқа қалып қойды.
7 ақпандағы нәтиже
Конькимен жүгіру спорты
1500 м. Әйелдер
Надежда Морозова – 14-орын (1:56.85), Екатерина Айдова – 18-орын (1:59.01),
Биатлон
15 шақырымға жекелей жарыс. Әйелдер.
Галина Вишневская-Шепоренко – 44-орын (+5:19.6)
Фото: ҰОК
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или