Олимпиада-2022: Айдова мен Морозова 1500 метрге жарыстан жүлде ала алмады

Олимпиада-2022: Айдова мен Морозова 1500 метрге жарыстан жүлде ала алмады

Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы 1500 метрге жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның атынан бұл сында екі конькиші өнер көрсетті: Екатерина Айдова мен Надежда Морозова.

Надежда Морозова қашықтықты 1:56:85, Екатерина Айдова 1:59:01-де жүріп өтті. Екі спортшымыз да Олимпиада жүлдесіне ие бола алған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Надежда Морозова 3000 метрде бақ сынап, 4:04:97 көрсеткішпен 13-орын алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или