Бейжің Олимпиадасына барған 24 адамнан COVID-19 анықталды

Бейжің Олимпиадасына барған 24 адамнан COVID-19 анықталды

Бейжіңде өтіп қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті күнделікті эпидемиологиялық есепті жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Beijing2022.com сайтына сілтеме жасап.

6 ақпанда Қытай әуежайларына Олимпиадаға қатысты 142 адам келді, оның ішінде 65 спортшы мен ресми өкілдер және 77 <span>басқа тараптардың өкілдері</span>. Әуежайда жүргізілген ПТР сынақтарының нәтижелері бойынша COVID-19 11 адамнан анықталды, оның жетеуі спортшылар мен команданың ресми өкілдерінен, төртеуі <span>басқа тараптардың өкілдерінен</span>.

Дәл осы кезеңде оқшауланғандардың арасында 74 603 ПТР сынағы жасалды, оның 6 731-ін спортшылар мен команданың ресми өкілдері, 67 872-<span>басқа тараптардың өкілдері</span> тапсырды. Нәтижелері бойынша 13 адамнан коронавирус анықталды, оның бесеуі спортшылар мен командалардың ресми өкілдері, сегізі басқа тараптардың өкілдерінде.

Фото japantimes.co.jp

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или