Виталий Пухкало: Шамам келгенше тырыстым, өзім үшін нәтиже жаман емес

Виталий Пухкало: Шамам келгенше тырыстым, өзім үшін нәтиже жаман емес

Қазақстандық шаңғышы Виталий Пухкало Бейжіңдегі скиатлоншылар бәсекесінен кейін сұхбат берді.  Ол 70 спортшының ішінен 32-ші орынға табан тіреді деп хабарлайды Olympic.kz. 

«Жарыс жолы расында қиын. Қардың құрылымы толығымен сырғанауға мүмкіндік бермейді. Соның салдарынан шаңғы да ауыр қозғалады. Жүгіру қиын болды, десе де, барымды салдым. Әрі қарай жақсы болады деп үміттенемін. Бастысы, мәреге жеттім. Өзім үшін нәтиже жаман емес. Қарсыластар өте мықты. Бұл Олимпиада, сондықтан бәрі де мықты», - деді Пухкало. 

Фото: Владислав Семенов, Қазақстан ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или