Надежда Морозова: Дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек

Надежда Морозова: Дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова бүгін 3000 м қашықтық бойынша жарысқа қатысты. Дода аяқталғаннан кейін спортшы Olympic.kz сайтына бүгінгі нәтижесін қорытындылап берді.

- Бұдан да жақсы, бұдан да жылдам нәтиже көрсеткің келеді. Барлық күшімді 1500 м қашықтыққа салатын боламын. Бейжіңдегі мұз айдыны біз үшін ыңғайлы. Біз дәл қазір бар күшімізді салып, қолымыздан не келетінін көрсетуіміз керек. Мен Калгариде осы қашықтықты 4.01 нәтижесімен аяқтаған болатынмын. Бұл жолы - 4.04. Тауда орналаспаған мұз айдынындағы бүгінгі нәтиже жақсы көрсеткіш деп ойлаймын, - деді Надежда Морозова жарыстан кейін. 

Айта кетерлігі, Надежда Морозова бүгінгі жарыс қорытындысы бойынша 13-ші орынға тұрақтады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или