Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына 91 делегация қатысты

Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына 91 делегация қатысты

Қытайдағы қысқы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында америкалық, канадалық және ресейлік спортшылардың киімі ең сәнді деп танылған. Бұл іс-шара кеше Бейжіңдегі ұлттық стадионда өткен еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атлеттер шеруіне 91 делегация қатысты. Жалпы дүбірлі додада спорттың 7 түрінен 15 пән бойынша 109 медальға талас бар. Қазір Қытайда covid-19-ға қатысты шектеу шаралары күшейтілген.

Елге кіру үшін екі рет ПТР-тест тапсыру керек. Ал спортшылар күн сайын тексеріліп отырады. Одан бөлек додаға қатысушылар мен делегация өкілдеріне қалаға шығуға тыйым салынған. Ал Олимпиада қалашығына сырттан адам кіре алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или