Самат Ерғалиев: Мақсат-мін іздеу емес, мәселені бірлесіп шешу

Самат Ерғалиев: Мақсат-мін іздеу емес, мәселені бірлесіп шешу

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті өңірлердегі спорттық ахуалға сараптама жүргізуді бастады.

Комитет өкілдерінен құралған мониторингтік топ Ақмола облысына барды.

Бүгін бір жетіге созылған сараптама жұмысының қорытындысына арналған отырыс өтті. Жиынға Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова мен өңірдегі спорт саласының мамандары қатысты.

Самат Серікқанұлы қатысушыларды ақ Олимпиаданың басталуымен құттықтап, сараптама жұмысының қорытындысы туралы айтты. Төраға Ақмола облысында атқарылуға тиіс жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берді.

“Біздің мақсатымыз- мін іздеу емес, мәселені бірлесе шешу. Ақмола облысы қысқы спорт түрлері бойынша тарихы бай өңір. Сол тарихты жандандыру үшін жұмыс істеуіміз керек”-деді ол.

Сондай-ақ комитет өкілдері Көкшетау және Степногорск қалаларындағы спорт нысандарын аралап, балалар мен жасөспірімдерге арналған мамандандырылған спорт мектеп-интернатының жұмысына баға берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или