Бейжің Олимпиадасы: 5 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады?
Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде Қазақстан бірден бес спорт түрінен өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Күн бағдарламасын Сергей Ткаченко мен Данил Васильев орташа трамплин (К-95) іріктеуінен бастайды. Біздің жігіттер негізгі айналымға шығу үшін топ-50-ге енуі керек.
Чжанцзякоудағы жаңа стадионда шаңғышылардың әйелдер арасындағы алғашқы жүлделері сарапқа салынады. Біздің құрамымызды бапкерлер әлі жариялаған жоқ.
Сонымен қатар, конькиші Надежда Морозова 3000 метр қашықтағы жүлде үшін таласқа түседі.
Сондай-ақ, могулдан ерлер арасында екінші іріктеу, содан кейін финал болады. Алғашқы мүмкіндігінде шешуші кезеңге өте алмаған Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхердке қолдау көрсетеміз.
Кешке шорт-трекшілер 1000 метрге жарыстың алдын ала кезеңіне қатысады. Сонымен қатар, біздің аралас құрама бағдарламаның жаңа түрінде тарихи медаль алуға тырысады. Оған Яна Хан мен Ольга Тихонованың қатысатыны белгілі.
Бұдан бөлек, кёрлингтен аралас жұптық айналым турнирі мен хоккейден әйелдер арасындағы турнир жалғасады. Шанашылар жарыс жолына шығады, биатлоннан аралас эстафета және әйелдер арасында сноуборд-слоупстайлдан іріктеу өтеді.
3 ақпан кестесі:
Трамплиннен секіру
12:20. Іріктеу. Орташа трамплин К-95. Ерлер
Шаңғы жарысы
13:45. Скиатлон (7,5 км/7,5 км). Әйелдер
Конькимен жүгіру спорты
14:30. 3000 м. Әйелдер
Фристайл
16:00. Могул. Екінші іріктеу. Ерлер
17:30. Могул. Финал. Ерлер
Шорт-трек
17:38. 1000 м Ерлер. Алдын ала кезең
18:23. Аралас эстафета. Ширек финал
18:53. Аралас эстафета. Жартылай финал
19:26. Аралас эстафета. Финал
Қайдан көруге болады:
Qazsport, Матч Арена 15:55, 17:25 (могул).
Матч Арена 12:15, Qazsport 14:05 (трамплиннен секіру).
Хабар, Матч ТВ, Матч Арена 14:25 (конькимен жүгіру спорты).
Хабар, Матч Страна 16:55 (Шорт-трек).
Россия 1 13:45, Qazsport 23:50 (шаңғы жарысы).
* Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: ҰОК