Шахматшы аруларымыз әлем чемпионатында шыңдалып жүр

Шахматтан Қазақстанның қыз-келіншектер құрамасы Қытайда өтіп жатқан командалық әлем біріншілігінде төрт ойын өткізіп, оның тек біреуінде ғана жеңіске жетті.

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның намысын Динара Сәдуақасова, Жансая Әбдімәлік, Гүлісхан Нахбаев, Гүлмира Дәулетова және Мәдина Дәулетбаева қорғап жатыр. Қыздарымыз бұл біріншілікте сәтті өнер көрсету үшін Қазақстан шахмат федерациясы халықаралық дәрежедегі беларуссиялық гроссмейстер Алексей Александровты кеңесші ретінде бірге алып барған еді.

Бірақ, Беларусь елінен білікті маман шақыртқанымызбен бұл біріншілік барысындағы біздің қыздардың көрсеткіші көңілдеп шығады деп айта алмаймыз. Біріншілік барысында шахматшыларымыз әзірге төрт кездесу өткізіп, оның біреуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең ойнап, қалған екеуінде жеңіліп қалды.

Негізі, қыз-келіншектер арасындаңы V әлем чемпионаты біздің құрама үшін өте сәтті басталған еді. Алғашқы ойында Қазақстан құрамасының шахматшылары Үндістан құрамасымен кездесіп 2,5 – 1,5 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойында Жансая Әбдімәлік қарсыласымен тең түсті. Ал, Гүлісхан Нақбаева мен Гүлмира Дәулетова жеңіске жетсе, Динара Сәдуақасва жеңіліп қалды.

Екінші ойында қазақ қыздары 2013 жылғы әлем чемпиондары Украина құрамасымен жолықты. Аталмыш ойында Гүлмира Дәулетова ғана қарсыласымен тең түссе, өзге шахматшыларымыздың барлығы да жеңіліп қалды. Қорытынды есеп 0,5 – 3,5. Украина қыздары басым түсті.

Әлем біріншілігінің 3-турында Қазақстан құрамасы АҚШ аруларымен ойнады. Тартысты өткен бұл бәсекеде Жансая Әбдімәлік жеңіліп қалса, Гүлісхан Нақбаеваның мерейі үстем болды. Гүлмира Дәулетова мен Динара Сәдуақасова қарсыластарымен итжығыс түсті. Сөйтіп, Қазақстан мен АҚШ арулары арасында ойын 2-2 есебімен тең аяқталды.

Турнирдің 4-турында Павел Коцур шәкірттері Грузия құрамасымен кездесіп, 1-3 есебімен ойсырай ұтылып қалды. Біздің құраманың сапынан Гүлісхан Нақбаева мен Динара Сәдуақасова қарсыластарымен тең түссе, Гүлмира Дәулетова мен Жансая Әбдімәлік тағы да жеңілістің кермек дәмін татты.

Бүгін енді Қазақстан құрамасының шахматшы қыздары Армения аруларымен кездеседі. Бұл ойынға құраманың бапкерлер қосыны бір өзгеріс енгізіпті. Төртінші орындықта ойнайтын Гүлмира Дәулетованың орнына бүгін Мадина Даулетбаева ойнайтын болады.

Алғашқы төрт турдың қорытындысы:

«Алаш айнасы» интернет-порталынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или