Юлия Галышева бүгін могулдан жарысқа шықпай қалу себебін айтты
Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Instagram-да жанкүйерлеріне жауап берді. Спортшы Бейжіңде өтіп жатқан қысқы Олимпиадада могулдан жарысқа шықпай қалды.
Еске сала кетейік, Галышева хаттамада «стартқа шықпады» деп белгіленген, себебі не екені әлі белгісіз.
«Мен екінші айналымнан шығамын. Бәрі жақсы болады», - деп үміттендірді спортшы.
Атап өту керек, қазақстандық фристайлшылардың ешқайсысы бірінші айналымнан финалға жолдама алған жоқ. Аяулым Әмренова 16-орынға жайғасты, Олеся Граур – 23-орында, Юлия Галышева стартқа шықпады, Анастасия Городко мәреге жете алмады. Екінші біліктілік 6 ақпан күні өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или