Фристайл-могул: Қазақстан ерлер құрамасы да финалға тікелей өте алмады
Бүгін, 3 ақпанда Бейжіңде 2022 жылғы Олимпиада ойындарының ашылуына бір күн қалғанда ерлер арасында фристайлдан бірінші іріктеу жарысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков 74,09 ұпай жинап, 17-орын алды. Оның отандасы, әлем чемпионаты кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері Дмитрий Рейхерд 75,43 ұпай еншіледі. Бұл ұпаймен ол 12-орын иеленді.
Екі могулшы да финалға тікелей өте алмай, екінші іріктеу кезеңіне қатысады.
Турнир ережесіне сәйкес, іріктеуде алғашқы ондыққа енген спортшылар финалға жолдама алады. Қалған қатысушылар екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды.
Екінші кезең 6 ақпанға жоспарланған.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан әйелдер құрамасы да іріктеу кезеңіне қатысты.
«Қате жібердім». Олеся Граур Олимпиададағы алғашқы іріктеу туралы пікір білдірді