Фристайл-могул: алғашқы мүмкіндіктен финалға өте алмадық

Фристайл-могул: алғашқы мүмкіндіктен финалға өте алмадық

Қытайда қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-могул жарыстары басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін фристайл-могулдан алғашқы іріктеу жарысы өтті. Алдымен жарыс жолына қыздар шықты. Бұл сында Қазақстан атынан Анастасия Городко, Аяулым Әміренова және Олеся Граур бақ сынады. 

Біздің спортшылар арасынан бірінші болып өнер көрсеткен Олеся Граур 57.18 ұпай жинап, алғашқы ондыққа ене алмады (23-орын).

Ал Аяулым Әміренова 66.82 ұпай жинап, 16-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, Анастасия Городко жарыс жолын аяқтай алмады.

Осылайша, алғашқы іріктеуден ешбір спортшымыз он финалистің қатарына ене алмады. Бірақ 6 ақпанда екінші іріктеу өтеді, онда тағы он жолдама сарапқа салынады. Әйелдер арасындағы финал да сол күні өтеді.  

Фото: ҰОК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или