Бейжің Олимпиадасы: 3 ақпанда кімдер жарысқа шығады?
Ойындардың ашылу салтанатына бір күн қалғанда қазақстандықтар қатысатын фристайлдан іріктеу жарыстары басталады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Могул шеберлері бірінші іріктеуін өткізеді. Біз өткен Олимпиаданың қола жүлдегері Юлия Галышеваны, әлем чемпионаты кезеңдерінің жеңімпазы және жүлдегері Дмитрий Рейхердті, құрамамыздың маусым көшбасшысы Павел Колмаковты, сондай-ақ 2021 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городко, Аяулым Амренова және Олеся Граурды көреміз. Финалға тікелей жолдама алу үшін олар үздік 10-қа кіруі керек. Қателік болған жағдайда өтуге тағы бір мүмкіндік екінші іріктеуде болады.
Сонымен қатар, кёрлингтен аралас жұптық айналым турнирі мен хоккейден әйелдер арасындағы турнир жалғасады.
3 ақпан кестесі:
Фристайл<br />16:00 Могул. Бірінші іріктеу. Әйелдер<br />17:45 Могул. Бірінші іріктеу. Ерлер
Қайда көруге болады:<span> </span>Qazsport телеарнасында 17:00-де, Матч Страна телеарнасында 15:55-те басталады.
* Нұр-Сұлтан уақытымен
Фото: НОК