«Оқжетпес» қатарына қорғаушы қосты

«Оқжетпес» қатарына қорғаушы қосты

Көкшетаулық «Оқжетпес» 26 жастағы қазақстандық қорғаушы Антон Куксинмен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы «Оқжетпеске» еркін агент ретінде ауысты. Антон Куксин – Көкшетау футболының түлегі. Еңбек жолын 2013 жылы «Оқжетпес» құрамында бастап, алты жыл бойы өнер көрсетті.

Көкшетаулық клуб сапында барлығы 95 кездесу өткізіп, 4 гол соққан.

2019 жылы «Ақжайыққа» ауысып, клуб жейдесінже Қазақстан Бірінші лигасында 14 матчқа қатысты.

Соңғы екі жылда ол Ресейдің ФНЛ-ында жүрген «Тюмень» (25 ойын) және Омбылық «Иртыш» (18 ойын) сапында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или