«Пиардың жаманы болмайды». Юлия Галышева ПТР тесті оң нәтиже көрсетті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Могул-фристайлдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Юлия Галышева Sputnik Казахстан тілшісіне берген сұхбатында ПТР тесті оң нәтиже көрсетті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бәрі жақсы. Мұндай ақпарат қайдан шыққанын білмеймін. Пиардың жаманы болмайды», - деді спортшы.
Галышеваның жағдайы дәрігерлерді алаңдатпайтынын «Хабар 24» арнасына оның туыстары да растады.
Юлия Галышева - 2019 жылғы могулдан әлем чемпионы, сонымен қатар 2018 жылғы Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері.
Фото 24.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или