Элмира Сыздықова «Иван Ярыгин» Гран-приінің жеңімпазы атанды
Қазақстандық балуан Элмира Сыздықова «Иван Ярыгин» беделді Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды.
Әйелдер күресінен ол 76 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда Сыздықова Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты.
Атап өтейік, жартылай финалда ол Мария Силинаны сенімді ұтқан. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или