«Канело» жаттықтырушысы Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы айтты
<span>Сауль «Канело» Альварестің жаттықтырушысы әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық спортшының қазақстандық Геннадий Головкинмен 2022 жылы үшінші жекпе-жегін өткізу ықтималдығына пікір білдірді.</span>
<span> «Биылғы жылы «Канело» екі жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Біз оны ақпан айына дейін демалдырып, одан кейін жылды бастаймыз. Головкинмен үшінші жекпе-жек? Көрерміз, мамыр не қыркүйекте көздеуге болады. Головкин жақында «Канеломен» жұдырықтасу ниетін білдірді, сондықтан үшінші жекпе-жек өткізу ойда бар.</span>
<span> Бірақ ол енді екінші орта салмақта өтеді. Егер Головкин қаласа, көтеріле алады. Сауль енді орта дивизионға түспейді. Ол жоғары көтеріле алады, орта салмақтан алшақтады. Бетербиев пен Бивол – бұлар да варианттар. Биыл не болатынын көрейік», - деді Рейносо Fight Hub TV-мен әңгімелесу барысында. </span>
<span>Бұған дейін промоутер Эдди Хирн Альвареске DAZN-да мамыр айында Дмитрий Биволмен жне қыркүйекте Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынғанын растады.</span>