Бейжің Олимпиадасына барған 36 адамнан коронавирус анықтады
Қытай билігі Бейжің Олимпиадасына келгендер арасында 36 адамнан коронавирус анықтады. Ауру жұқтырғандардың 19-ы спортшылар мен ресми тұлғалар, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі tass.ru сайтына сілтеме жасап.
28 қаңтарда Қытайға 1418 адам келді, оның ішінде 736 спортшы мен ресми тұлғалар және 682 «басқа тараптардың өкілдері». ПТР тестілеуінің нәтижесінде инфекцияның 29 жаңа жағдайы анықталды, 19 спортшылар мен ресми тұлғалар арасында, 10 басқа тараптардың өкілдері. Бұған дейін Олимпиадаға келгендердің арасында тағы жеті жағдай анықталған болатын, жұқтырғандардың барлығы басқа тараптардың өкілдері.
Естеріңізге сала кетейік, Олимпиада ойындары Бейжіңде 4-20 ақпан аралығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или