Ткаченко: Олимпиада қарсаңындағы сезімім ерекше
27 қаңтар күні Қазақстанның олимпиадалық командасы Бейжіңге ұшып кетті. Олимпиада ойындарына аттанған шаңғымен тұғырдан секіруден команда мүшесі Сергей Ткаченко өзінің көңіл-күйін бөлісті.
«Олимпиадаға жолдама алып, еліміздің атынан сынға түсетініміз үшін қуаныштымын. Бейжіңдегі Олимп ойындарына қатысатынымды естігенде, бірден дайындала бастадым. Қазір екіұдай сезімдемін.
Әзірге Олимпиаданың жақын күндері өтетінін сезінген жоқпын. Құдды, жақын арада туған күнім өтетіндей сезімде жүрмін. Дайындық жақсы өтті. Карантинде жаттығу жасадық. Ешқандай қобалжу мен ыңғайсыздық сезінген жоқпын», - деді Ткаченко.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или