Бразилиялық нокаутшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Бразилиялық боксшы Эскива Фалькао Твиттерде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Деметриус Андраде WBO белбеуінен бас тартады деп естідім, егер солай болса, Жәнібек Әлімханұлы мен Эскива Фалькао жекпе-жегін ұйымдастырайық. Қазақстанға баруға дайынмын. WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салайық»,- деп жазды бразилиялық боксшы.
Әлімханұлының жауабы ұзақ күттірмеді.
«Бауырым, сені нокаутқа түсіретінімді білесің. Саған керек пе сол?», — деп жазды Әлімханұлы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или