Аружан Сағындықова Австралия ашық чемпионатында жеңілу себебін айтты

Аружан Сағындықова Австралия ашық чемпионатында жеңілу себебін айтты

Қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Австралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 17 жастағы Аружан ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге ширек финалда канадалықтар Кайла Кросс – Виктория Мбокомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 2:6, 2:6 есебімен қарсыластарына жол берді.

«Бұл менің жасөспірімдер арасында алғашқы «Үлкен дулыға» турнирім еді. Осындай ірі жарыста елімнің намысын қорғап, жұптық сында ширек финалға дейін жетуім жақсы жетістік деп ойлаймын. Жекелей сында тәжірибем жетіспеді. Алдағы уақытта бұдан да жоғары табысқа қол жеткізу үшін жақсылап дайындалып, барымды саламын. Маған қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына, бапкеріме, барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді», - деді Сағындықова.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или