Australian Open: Аружан Сағындықова жартылай финалға шыға алмады
Қазақстандық Аружан Сағындықова жұптық сында Аустралия ашық чемпионаты жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, 17 жастағы А.Сағындықова ресейлік Екатерина Хайрутдиновамен бірге ширек финалда канадалықтар Кайла Кросс – Виктория Мбокомен кездесті. Қазақстандық-ресейлік жұп 2:6, 2:6 есебімен қарсыластарына жол берді.
«Бұл менің жасөспірімдер арасында алғашқы «Үлкен дулыға» турнирім еді. Осындай ірі жарыста елімнің намысын қорғап, жұптық сында ширек финалға дейін жетуім жақсы жетістік деп ойлаймын. Жекелей сында тәжірибем жетіспеді.
Алдағы уақытта бұдан да жоғары табысқа қол жеткізу үшін жақсылап дайындалып, барымды саламын. Маған қолдау көрсеткен Қазақстан теннис федерациясына, бапкеріме, барша жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді», - деді А.Сағындықова.
Фото ktf.kz