Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы WBC чемпиондық белбеуінен бас тартты

Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы WBC чемпиондық белбеуінен бас тартты

Кәсіпқой рингте жеңіліп көрмеген ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) WBC International Silver чемпиондық белбеуінен бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

33 жастағы Арқалықтың тумасы өршіл мақсаттары үшін жүлдеден бас тартты: 19 ақпанда ол Гамбургте (Германия) ауыр салмақтағы толыққанды WBC International белбеуі үшін жұдырықтасады. Оның қарсыласы франциялық тәжірибелі боксшы Жоан Дюопа (39-6, 26 КО) болады.

WBC International Silver белбеуін Жан Кособуцкий өткен жылдың 20 қарашасында Гамбургте доминикандық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп алған болатын.

Фото instagram.com/kossobutskiy

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или