Қазақстандық желаяқ Душанбеде өткен жартылай марафонда қола медаль олжалады

Қазақстандық желаяқ Душанбеде өткен жартылай марафонда қола медаль олжалады

Қазақстандық жеңіл атлет Гүлжанат Жанатбек Тәжікстан астанасының күніне арналған алтыншы халықаралық жартылай марафонда үшінші орын иеленді.

Душанбе қаласы әкімшілігінің мәліметінше, отандасымыз бірінші орын алған ресейлік спортшы Юлия Чиженко мен мәре сызығын екінші болып кескен Өзбекстан өкілі Марина Химелевскаяға жол берді. Төртінші, бесінші және алтыншы орындарды тиісінше Катя Фатеева (Ресей), Ираида Александрова (Ресей) және Зайнаб Мансури (Иран) иеленді.

Ерлер арасында үздіктер қатарына Ресей, Өзбекстан, Кения мен Қырғызстанның жеңіл атлеттері енді.

Тәжікстан астанасының күні құрметіне өткізілген жартылай марафонға қалалық бюджеттен 202 мың сомонидан ( 40 мың доллардан аса) астам қаржы бөлінген. Әйелдер арасында да, ерлер арасында да топ жарған желаяқтарға 3,5 мың доллардан, екінші орынға – 3 мың доллардан, үшіншіге – 2,5 мың доллардан, төртіншілерге – 2 мыңнан, бесінші орындағыларға – 1,8 мыңнан, алтыншы орынға – 1,5 мың доллардан табысталды.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или