Эриксен Англияға оралады

Эриксен Англияға оралады

Даниялық жартылай қорғаушы Кристиан Эриксен ағылшынның «Брентфорд» командасына ауысады.

Эриксен келісімшарт бойынша келісіп, алдағы 1-2 күнде қол қояды.

Бұған дейін ол «Интермен» келісімшартын бұзған еді. Оған 29 жастағы футболшының денсаулығы себеп болған. ЕУРО-2020 матчы кезінде Эриксеннің жүрегі тоқтап, кейін оған имплантты кардиовертер-дефибриллятор орнатылған еді.

А сериясының тәртібі бойынша мұндай футболшылар алаңға шыға алмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или