Australian Open: Максим Батютенко жасөспірім турнирін сәтті бастады
Қазақстандық Максим Батютенко Аустралия ашық чемпионатының жасөспірімдер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.
Теміртау қаласының 16 жасар түлегі бастапқы кездесуін ұлыбританиялық, 17-дегі Мэттью Ранкинмен өткізді. Қазақстандық теннисші бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. М.Батютенко екінші айналымда франциялық Артур Хеа немесе литвалық Эдас Бутвиластың біреуімен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или