Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open турнирінде 5-орынға ие болды

Рахат Бралин мәнерлеп сырғанаудан Bavarian Open турнирінде 5-орынға ие болды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Рахат Бралин Оберстдорф қаласында өткен Bavarian Open халықаралық турнирінде ерлер арасындағы жекелей сында 5-орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еркін бағдарламада ол 5-ші нәтиже (79,05 ұпай) көрсетіп, қорытынды хаттамада 140,25 ұпаймен 5-ші орынға тұрақтады.

Ерлер арасындағы Bavarian Open турнирінің жеңімпазы жалпы 211,57 ұпаймен Польша өкілі Владимир Самойлов, екінші орынды австриялық Люк Майерхофер (208,71 ұпай), үшінші орынды германиялық Кай Ягода (202,89 ұпай) иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или