Сергей Ткаченко: Форманың дизайны өте тартымды, кәсіби түрде дайындалған

Сергей Ткаченко: Форманың дизайны өте тартымды, кәсіби түрде дайындалған

20 қаңтар күні Қазақстан олимпиадалық құрамасының Бейжің Олимпиадасына арналған формасы таныстырылды. Трамплиннен шаңғымен секіру спортынан қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко Olympic.kz сайтына жаңа экипировка туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Форманың түсін біздің түс деуге болады. Дизайн да өте тартымды, кәсіби түрде жасалған. Олимпиадашылар үшін дәл осындай жоғары талғаммен дайындалған формада жүрудің өзі үлкен мәртебе деп ойлаймын.

Киім үлгісін жасау барысында өте жауапты іс атқарылғаны көрініп тұр. Біз де, спортшылар жаңа форманы тағатсыздана күттік. Дәл күткеніміздей бәрі тамаша шыққан деп сеніммен айта аламын», - дейді спортшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или