Әлімханұлының командасы әлем чемпионымен жекпе-жек бойынша сауда-саттық тағы да шегерілуіне байланысты мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының командасы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадеге қарсы жекпе-жек бойынша сауда-саттық тағы да шегерілуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аукцион 20 қаңтардан 28-іне шегерілді.
«Армысыздар ардақты жанкүйерлер! Бүгін шешілуі керек чемпиондық жек-жек уақыты тағы да 1 аптаға кейінге қалды.
WBO ресми мәлімдеме жасап, COVID-19-ға байланысты сауда-саттықты 28 қаңтарға қалдыруға тура келді дейді. Әлемде жағдай қиын болып тұр. Ауырғандар көп. Сондықтан да бұл шешімге түсіністікпен қараймыз!
Әрине созылып кетті. Бірақ басқа амал жоқ! Тағы 1 апта күтеміз. Біз кез келген уақытқа дайынбыз. Чемпионмен жекпе-жекті асыға күтіп жүрміз.
Бұйыртса биыл QAZAQ STYLE тарих жасайды!», - делінген хабарламада.