Кәсіпқой бокста 12 жеңісі бар қазақстандық боксшы ақпанда жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы белгілі болды
Жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Бекман Сойлыбаев (12-1, 4 КО) келесі жекпе-жегін 5 ақпанда өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Boxrec.com<span> порталының мәліметінше, оның қарсыласы 26 жастағы мексикалық </span>Элиот Чавес (10-3-1, 6 КО) болады. Кездесу сегіз раундқа есептелген. Жекпе-жек Ақтаудағы Adal Promotions бокс кешінде өтеді.
Сойлыбаев кейінгі жекпе-жегін былтыр тамызда өткізіп, мексикалық Рамиро Сесенеден (14-0-1, 11 КО) төрешілер шешімімен жеңілген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или