Нұрдәулетов ақпанда титулды жекпе-жек өткізеді

Нұрдәулетов ақпанда титулды жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы Бекзад Нұрдәулетовтің (3-0, 1КО) келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз 5 ақпанда Ақтауда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.  

BoxRec.com сайтының хабарлауынша, Нұрдәулетов 23 жастағы голландиялық боксшы Чико Куасимен (5-0-1, 2 КО) кездеседі. Он раундқа жоспарланған жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы вакантты «жастар арасындағы» WBO белбеуі сарапқа салынады.

Айта кетейік, Бекзад бұған дейінгі кездесуін 6 қарашада өткізді. Онда өзбекстандық Фаррух Джураевты (6-5-1, 2 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или