Данилина Australian open турнирінің 1/8 финалына өтті
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Australian Open турнирінің жұптық сынында 1/8 финалға шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге екінші айналымнан сәтті өтті. Бұл кезеңде олар чехиялық Мартинцова/Вондроушова жұбын жеңді.
1 сағат 39 минутқа созылған кездесу 4:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.
1/8 финалда олар <span>Алена Большова/Ульрикке Эйкери — Мария Боузкова/Луция Градецкая жұбының жеңімпазымен кездеседі. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или