ВИДЕО. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы күніндегі ең үздік гол мен маңызды сәттер

ВИДЕО. Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы күніндегі ең үздік гол мен маңызды сәттер

Еуропалық Футбол Қауымдастықтарының Одағы (УЕФА) футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионатының бірінші ойын күнінің ең үздік сәттері бейнеленген видео ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нидерланды құрамасының ойыншысы Саид Бузамбудың Украина қақпасына соққан добы күннің үздік голы атанды.

Португалиялық Зика Тенің әдемі дриблингі күннің ең үздік жеке әрекеті ретінде Skill of the Day номинациясында атап өтілді.

Португалиялық Зика Те, Тиагу Бриту және Афонсудың шабуылы Сербия құрамасының қақпасына үшінші голмен аяқталған, ол күннің үздік комбинациясы атанды.

Фото pfp.pt

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или