Шымкентте бұқаралық жүгіруден жарыс өтті

Бүгін Шымкентте қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жеңіл атлетикалық бұқаралық жүгіруден жарыс өтті.

Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының орынбасары Намазбай Әбдіқұловтың айтуынша, шараны ұйымдастырудағы басты мақсат салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды спортқа баулу.

«Жарысқа 6 жастан бастап 66 жасқа дейінгі мың жарымға жуық қала тұрғыны қатысты. Олар қаладағы Қонаев көшесіне жиналып, Ордабасы алаңына дейін 5 шақырым жерді жүгіріп өтті », - дейді ол.

Мәреге бірінші болып жеткен жеңімпаздарға жас ерекшелігіне қарай бағалы сыйлықтар мен диплом табысталды.

bnews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или